ҚПЛ: "Астана" - "Ордабасыдан" ұтылды

24.06.2019, 01:59
ҚПЛ: "Астана" - "Ордабасыдан" ұтылды
"Ордабасы" - "Астана" 3:0. Гол авторлары: М. Төлебек 27 мин, М. Механович 36 мин, Т. Жанғылышбай 47 мин, - М. Томасов 44  мин, Р. Муртазаев 74 мин. ҚПЛ-дың 15 турындағы "Ордабасы" мен "Астана" арасындағы матч қызықты өтті. Екі ұжым жалпы алғанда 5 гол салды. Алдымен, Пабло Фонтанелоның әуелете берген пасынан соң қорғаушы Мардан Төлебек ептілік танытып есеп ашты. Артынша, 10 минут өткенде тағы сол Марданның соққысынан сепрілген допты Мерзат Механович Эрич қақпасына тоғытты. Дегенмен, үзіліске дейін қонақтар мінез көрсетіп, қарымта шабуылда Марин Томасовтың арқасында есепті қысқартты. Алайда, арада 3 минут өткеннен кейін-ақ Тоқтар Жанғылышбайдың баспен бағыттаған добы қақпадан бір-ақ шықты. Ал ойынның 73 минутында "Ордабасы" қорғаушысы Сергей Малый алаңнан қуылған соң артынша қонақтар есепті 3:2-ге жеткізген-ді. Бірақ одан арыға алаң иелері мүмкіндік бермей жеңісті сақтап қалды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×