"Ақтөбе" өз алаңында Қызылорданың "Қайсарына" қауқар таныта алмады.
"Ақтөбе"-"Қайсар" 1:3.
"Қобыланды батыр" атындағы стадион. 9 000 жанкүйер.
Гол авторлары: Аймбетов, 43 мин, - Марочкин, 4 мин, Тағыберген, 41 мин, Барсегян, 45 мин.
Екі клуб та көп аңдыспай іске бірден кірісті. Алайда, бұл күні сəттілік те, қауіпті сəттер де қонақтардың пайдасына аяқталды. Матч басында Асхат Тағыберген əуелете орындаған бұрыштама добын əріптесі Александр Марочкин баспен қақпа бағанасының астына аттандырып есеп ашты. Осыдан соң "Ақтөбе" шабуылшылары оқтын-оқтын қауіпті сəт ұйымдастырып бақты. Алайда, 41 минуттағы қорғаушы тепкен доп Асхат Тағыбергеннің аяғына тиіп кетіп, "Ақтөбе" қақпасында тулады. Дегенмен, Абат Айымбетов араға 2 минут салып, есепті 1:2- ге жеткізген еді. Бірақ "Қайсар" шабуылшысы Тигран Барсегян 45 минутта оң қапталмен суырылып өтіп қақырата тепкен добы қақпа бағанасына тиіп тор ішінен табылды. Есеп: 1:3.
Екінші таймда екі команда да алма-кезек шабуылдағанымен таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.
Шамкен БАЙЫРБЕК.