ҚПЛ: "Ақтөбе" өз алаңында "Тобылға" есе жіберді

16.06.2019, 04:44
ҚПЛ: "Ақтөбе" өз алаңында "Тобылға" есе жіберді
"Ақтөбе" - "Тобыл" 0:1. Гол авторы: Б. Тұрысбек, 73 мин. Ұлттық құрамалардың ресми матчтарынан байланысты 2 апталық үзілістен соң Қазақстан премьер-лигасы жалғасын тапты. Бүгін 14 турдың бірінші ойыны Ақтөбеде өтті. Өз алаңында Қостанайдың "Тобылын" қабылдаған ал-қызылдар тағы ұтылды. Негізі "Ақтөбе" матчты жақсы қарқынмен бастады. Тіпті таза гол салатын мүмкіндік те болған. Алайда, қақпашымен бетпе-бет қалған "Ақтөбе" сұрмергені Абат Айымбетов сан соғып қалды. Дəлірек айтсақ қақпашы Эмиль Балаев "Тобылды" құтқарып қалды. Бірінші тайм голсыз аяқталды. Ал екінші таймда "сен соқпасаң сенің қақпаңа гол соғады" деген қағиданың куəсі болдық.  Ойынға тыңнан қосылған Бауыржан Тұрысбек 73 минутта оң қапталдан алаң ортасына ойыса бере допты қақырата тепкен-ді. Маңдайшаны жанай түсіп, доп қақпа сызығын кесіп өтті. Дəл осылай əдемі соғылған гол ойын тағдырын шешті, "Тобылға" үш ұпай сыйлады.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×