ҚПЛ: "Ақтөбе" камбэк жасады

01.07.2019, 03:02
ҚПЛ: "Ақтөбе" камбэк жасады
"Ақтөбе" - "Ертіс" 2:1. Гол авторлары: А. Кəкімов, 68 мин, В. Волков, 83 мин, - Т. Мульдинов, 10 мин. "Қобыланды батыр" атындағы стадион. 7 000 жанкүйер. ҚПЛ-дің 16 туры аясында өз алаңында Павлодардың "Ертісін" қабылдаған "Ақтөбе" жеңісті жұлып алды. Бірақ алаң иелері 10 минутта гол жіберіп алып, бірінші таймда қарсыласқа есе жіберді. Оң қапталдан Карлуш Фонсеканың жақын бұрышқа əуелете тастаған добына əріптесі Тимур Мульдинов бірінші жетіп, есеп ашты. Ал екінші таймда қайраулы шыққан "Ақтөбе" футболшылар сəтін салып, таразы басын теңестірді. Қақпашымен бетпе-бет қалған Ақжол Кəкімов допты алыс бұрышқа оң аяғының ұшымен сырғыта салды. Жігерленген алаң иелері сапынан матчтың нүктесін Виталий Волков əдемі қоя білді. "Ақтөбе" қорғаушысы айып соққысынан допты шиіре теуіп, жақын бұрышты дөп көздеді. Осылайша, "Ақтөбе" -12 ұпайды -1 ге дейін қысқарта алды. Дегенмен əлі де көз соңында келе жатса, "Ертіс" 14 ұпаймен 9 сатыда.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×