ҚПЛ: "Ақтөбе" ес жиып келеді

16.04.2019, 02:36
ҚПЛ: "Ақтөбе" ес жиып келеді
 "Ақтөбе" - "Атырау" 2:0 Гол авторлары: М. Радин 3 мин, Х. Милишевич 44 мин. Бесінші тур ойындары «Ақтөбе» «Атырау» ойынымен басталды. Қатарынан төрт рет жеңілген ақтөбеліктер чемпионаттағы алғашқы ұпайларын алды. Ойынның есебін сербиялық жартылай қорғаушы Милан Радин ашты. Оның соққысы аса қатті қауіпті болмағанымен жол жөнекей бағытын өзгертіп, Логиновскийді қапыда қалдырды. Ал 44-минутта Владимир Седнев шәкірттері есеп айырмасын одан әрі ұлғайтты. Хрвое Милишевич бұрыштама кезінде «Атырау» қорғаушыларына қарағанда ептірек көрінді. Екінші таймда «Атырау» гол соғатын тамаша мүмкіндіктерін пайдаға асыра алмай, абдырап қалды. Сосын Резван Аблитаров алаңнан қуылып, «мұнайшылар» 1 адамға кем өнер көрсетті. Нәтижесінде 2-0 есебі еш өзгермей, ақтөбеліктер жеңіске жетті.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×