ҚПЛ: "Ақтөбе" 7 минутта "Шахтёр" қақпасына 2 гол соғып, есепті теңестіріп кетті

14.07.2019, 04:02
ҚПЛ: "Ақтөбе" 7 минутта "Шахтёр" қақпасына 2 гол соғып, есепті теңестіріп кетті

"Ақтөбе" - "Шахтёр" 2:2.

Гол авторлары: С. Зенев, 29 мин, И. Пешич, 37 мин, - А. Кәкімов, 62 мин, А. Айымбетов, 69 мин.

ҚПЛ-дің 18 туры аясында "Шахтерді" қабылдаған "Ақтөбе", 2 ойын қатарынан 2:2 есебімен тең оййынға қол жеткізді.

Ойын тізгінін бірден қолға алған "Шахтер" ойыншылары көп ұзамай есеп ашты. 29 минутта сол қапталдан суырылып шыққан Иван Пешичтің әуелете берген пасын Сергей Зенев баспен түйіндеп, голға айналдырды. Осы голдан кейін "кеншілер" допқа бақылау орнатып, қарсыластың екпінін басып тастады. Ал 37 минутта жылдам қарымта шабуылдан 2 голдарын салды. Енді оң қапталдан Эстония құрамасының сұрмергені Сергей Зенев суырылып өте бере, допты ашық тұрған Пешичке берді. Өз кезегінде хорватиялық шабуылшы бір ғана қимылмен допты қақпаға тебе салды. Бірінші таймды 2:0-мен "Шахтердің" пайдасына аяқталды.

Ал матчтың 2 жартысы қонақтар үшін қолайлы бола қойған жоқ. Себебі, бас-аяғы 7 минуттың ішінде "Ақтөбе" таразы басын теңестіріп тастады. Алдымен, 62 минутта оң қапталдан Ардақ Сәулет орындағын бұрыштама добынан кейін бас төреші Фуркат Атажанов "Шахтер" қақпасына пенальти белгіледі. 11 метрлік айып соққысынан мүлт кетпеген Асланбек Кәкімов 2 ойын қатарынан гол соқты. Араға 6 минут салып, тағы сол оң қапталдан Кәкімов әуелете асырған пасты Абат Айымбетов сәтті түйіндеп, допты торда тулатты.

Осы ойыннан кейін "Ақтөбе" 1 ұпаймен соңғы 12 орында қала берсе, "Шахтёр" 23 ұпаймен 7 сатыда қалды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×