ҚПЛ: 9 турдан сандар сөйлесін

09.05.2019, 05:14
ҚПЛ: 9 турдан сандар сөйлесін
Қазақстан премьер-лигасының 9 турынан соң 12 команданың аяқ алысы мен дайындық деңгейі анықталып қалғандай. Ендеше, статистикалық ақпараттармен таныса отырайық. Жалпы 9-турда алаң иелері 1 рет жеңіске жетсе, 2 матчта тең есеп тіркеліп, тағы 3 матч қонақтардың пайдасына шешілді. Бар-жоғы бұл турда 13 гол соғылды. Оның 6-ын қазақстандықтар соқса, қалған 7 голды легионерлер соқты. Турдағы алғашқы голды ойынның 4-минутында "Қайсар" қорғаушысы Александр Марочкин "Ақтөбе" қақпасына соқса, соңғы голды "Тобыл" сұрмергені Бауыржан Тұрысбек бұрынғы командасы "Қайрат" қақпасына ойынның 87-минутында салды. Бұл турда төрешілер бір рет он бір метрлік айып добын белгіледі. Алайда, "Оқжетпес" қақпасына белгіленген пенальтиді "кеншілер" шабуылшысы Пешич сəтті орындай алған жоқ. "Тобыл" жартылай қорғаушысы Азат Нұрғалиев әлі де болса сұрмергендер көшін бастап тұр. Ол маусым басталғалы 5 соққан. Ізін ала "Астана" шабуылшысы Марин Томасов келеді. Тек қазақстандықтардың арқасында "Жетісу" өз алаңында "Таразды" жеңсе (Елжас Алтынбеков, 54 минутта), "Тобыл" сырт алаңда "Қайраттан" басым түсті. (Бауыржан Тұрысбек, 87 мин). Керекулік клуб Рохер Каньяс соққан жалғыз голдың арқасында сырт алаңда "Астананы" ұтып кетті. Бұл "Астананың" биылғы маусымдағы алғашқы жеңілісі. Ал, "Ақтөбе","Тараз" және "Ертіс" командалары маусым басталғалы тең ойнап көрген емес. Бірде жеңілсе, бірде жеңіске ғана жеткен. Алғашқы тайммен екінші тайм арасындағы гол айырмашылығы 4:9. Алаң иелері мен қонақтардың арасындағы гол айырмашылығы 5:8. Қазақстандықтар мен легионерлер арасындағы гол айырмашылығы 6:7. Турдағы орташа гол - 2,16. 0-9' арасында 1 гол; 10-19' арасында 0 гол; 20-29' арасында 0 гол; 30-39' арасында 0 гол; 40-49' арасында 3 гол; 50-59' арасында 3 гол; 60-69' арасында 0 гол; 70-79' арасында 4 гол; 80-89' арасында 2 гол; 90-90+' арасында 0 гол соғылды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×