![ҚПЛ: 8 турдың ең нəтижелі ойыны "Тараз"-"Оқжетпес" арасында өтті](https://aladop.kz./cache/imagine/1200/uploads/post_items/2019/05/01/e15d41433337998e6a301a47628a760a.jpg)
"Тараз"- "Оқжетпес" 2:6 Тараздағы Орталық стадион. 4000 жанкүйер. Алма кезек шабуылмен басталған ойынның есебі 12 минутта ашылды. "Оқжетпес" шабуылшысы Милан Стоянович əуелете орындаған бұрыштама добын қақпашы Самат Отарбаев өз қақпасына кіргізіп алды. Осы голдан кейін алаң иелері тез ес жиды. Бас-аяғы 19 жəне 23 минуттардағы 4 минуттың ішінде "Тараздың" бразилиялық шабуылшысы Эливелто дубль жасады. Алайда, 30 минутта көкшелік лигионер Дарко Зорич Илья Калининнің оң қапталдан əуелете берген пасын сəтті түйіндеп таразы басын теңестіріп тынды. Енді екінші таймда 63 минутта Владислав Космыниннің голынан соң "Оқжетпес" тағы есепте алға шықты. Артынша "Тараз" қорғаушысы Игорь Пикалкин екі сары қағаз алып алаңнан қуылған соң, "Оқжетпес" тағы жауапсыз 3 гол салды. 73 минутта Милан Стоянович пенальтиді сəтті орындаса, 78 минутта ойынға тыңнан қосылған бетте Алтынбек Сапаров қарымта шабуылда гол соқты. Матчтың нүктесін 82 минутта əуелеп келген допты тоқтатпастан жақын бұрышқа сүңгіткен Александр Кислицын қойды.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET