ҚПЛ-2018. 21-ші турдағы голдар статистикасы

06.08.2018, 15:51
ҚПЛ-2018. 21-ші турдағы голдар статистикасы
Екінші айналым бітуіне бір тур ғана қалды. Өткен ҚПЛ-дың 21-турында бар-жоғы 12 гол соғылды. Оның 4-ін қазақстандықтар соқса, қалған 8 голды легионерлер соқты. Турдың алғашқы голы ойынның 22-ші минутында "Атырау" ойыншысы Бабатунде қасқырлардың қақпасына соқса, соңғы голды да "Атырау" капитаны Марат Хайруллин ойынның 90+3 минуттында "Қайсар" қақпасына соқты.Қызылордалықтар өткен турда да 90+3 минутта қызылжарлық Лечичтің соққысынан кейін жіберіп қойған еді. Бұл турда төрешілермен жалғыз пенальти белгіленіп, оны "Қайраттың" ресейлік легионері Андрей Аршавин "Шахтер" қақпасына соқты. 21-турда командалар тәртіпті ойнайды. Ешқандай қызыл қағаз иегері тіркелмеген. "Ақ-қызылдардың" лидері Пиззелли үздік сұрмергендер көшін 14 голмен бастап тұр. Тек қазақстандық ойыншылардың арқасында жеңіске жеткен "Қызыл-Жар СҚ" 1:0 "Ертіс" (Мульдинов, 37 мин.). Алты ойында алаң иелері екі рет жеңіске жетсе, қалған төрт матч тең есеппен аяқталды. Бір қызығы ешқандай қонақ команда ұпай алалмай кетті. Алғашқы тайм мен екінші тайм арасындағы соғылған голдардың айырмасы 4:8. Алаң иелері мен қонақ командалар арасындағы соғылған голдардың айырмасы 7:5. Қазақстандықтар мен легионерлер арасындағы соғылған голдардың айырмасы 4:8. Турдағы орташа гол саны - 2. Бонус. 0-9 минут арасында 0 гол; 10-19 минут арасында 0 гол; 20-29 минут арасында 1 гол; 30-39 минут арасында 3 гол; 40-49 минут арасында 0 гол; 50-59 минут арасында 3 гол; 60-69 минут арасында 1 гол; 70-79 минут арасында 1 гол; 80-89 минут арасында 1 гол; 90-90+ минут арасында 2 гол соғылды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×