ҚПЛ-2018. 21-ші тур. "Қызылжар" - "Ертіс": Қарсыластардың өзара кездесулер тарихы

05.08.2018, 16:58
ҚПЛ-2018. 21-ші тур. "Қызылжар" - "Ертіс": Қарсыластардың өзара кездесулер тарихы
Назарларыңызға «Қызылжар» — «Ертіс» командаларының өзара кездесулері туралы ақпаратты ұсынамыз. Кеңес Одағының біріншілігі (бастапқыда Б санатында, кейін екінші лигада) ойындарында павлодарлық команда Петропавл командасынан басым болды. 18 кездесуде 15 рет біздің команда жеңіске жетіп, 2 рет тең ойнап, 1 рет жеңіліс тапқан екен. Доп айырмасы 50-12. Қазақстан чемпионаттарында да «Ертістің» басымдылығы жалғасын тапты. Бұған барлық көрсеткіштер дәлел: 25 ойында павлодарлықтар 16 рет жеңіске жетіп, 5 рет тең ойнап, 4 рет жеңіліс тапқан. Доп айырмасы 44-14. Естеріңізге сала кетейік, "Қызылжар СҚ" ФК мен "Ертіс" арасындағы кездесу, осы жексенбі, 5 тамыз күні өтеді. Петропавл қаласындағы "Қарасай" стадионындағы матч сағат 17:00 бастау алады. "Ертіс" ФК баспасөз қызметі
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×