Қазақстанның тумасы әлемнің дарынды 50 ойыншысының қатарына кірді

04.01.2021, 20:08
Жас талант қазір «Истанбул Башакшезирдің» жастар құрамасында өнер көрсетіп жүр.
Қазақстанның тумасы әлемнің дарынды 50 ойыншысының қатарына кірді

УЕФА алдағы жылдың жаңалығына айналуы мүмкін 50 жас футболшының тізімін ұсынды.

Талантты жас футболшылардың қатарында "Истанбул Башакшехирде" ойнайтын 17 жастағы Қазақстанның тумасы Равиль Тагир бар.

Равиль Жамбыл облысында дүниеге келген. 2010 жылы ол отбасымен өзінің тарихи отаны - Түркияға қоныс аударды, сол жерде ол жасөспірімдер құрамасында дебют жасады (21 жасқа дейін).

Түркия суперлигасын жеңіп алған "Истанбул Башакшехирге" ауысады. Келісімшарт үш жылға жасалды. Оған дейін "Алтынорда" клубында өнер көрсетті. Transfermarkt мәліметі бойынша, трансфер құны 2,5 миллион еуроны құраған. Ойыншының қазіргі нарықтық құны үш миллион еуроға бағаланды.

Осы маусымда Тагир "Истанбул Башакшехир" үшін бір ғана ойын өткізді, команда 15 матчтан кейін 16 ұпаймен турнирлік кестеде 16-шы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×