Бүгін УЕФА-ның Швейцарияның Ньон қаласындағы штаб-пәтерінде еурокубоктердің 3-ші кезеңінің жеребесі тартылды.
Ел чемпионы "Астана" ФК Чемпиондар Лигасының 2-ші кезеңінде Данияның "Мидтьюлланд" клубынан өтер болса, 3-ші кезеңде «Динамо» (Загреб, Хорватия) —
«Хапоэль» (Беэр-Шева, Израиль) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал, 2-ші кезеңді еңсере алмаса, Еуропа Лигасы 2-ші кезеңінің «Нью Сейнтс» (Уэльс) — «Линкольн Ред Импс» (Гибралтар) жұбының жеңгенімен осы турнирде қарсылас болады.
Еуропа Лигасының 2-ші кезеңінде Алматының "Қайраты" голландиялық азулы "АЗ Алкмаар" клубынан өте алса, чехиялық "Сигма" клубымен 3-ші кезеңде жұп құрайды.
Осы еурожарыстағы Қостанайдың "Тобылы" армениялық "Пюникті" 2-ші кезеңде айналып өтсе, "Маккаби" (Тель-Авив, Израиль) - "Раднички" (Ниш, Сербия) жұбының жеңгеніне қарсылас болады.