Қазақстандық футболшы Голландия чемпионатында нәтижелі пас берді
22.09.2018, 17:36
Қазақстандық жартылай қорғаушы Александр Меркел Голландия чемпионатының кезекті турынд өз командасының жеңіске жетуіне көмектесті.
«Хераклес» командасының намысын қорғайтын отандасымыз 90 минут алаңда ойнайды. Сырт алаңда «Де Графсхаппен» кездескен Меркельдің әріптестері 4:0 есебімен жеңіске жетті.
«Хераклес» футболшылары алғашқы голды 27-минутта соқты. Авторы – Хавьер Вета. Одан кейін Меркельдің пасынан кейін швед Кристофер Петерссон есепті еселей түсті. Ал 81-минут Брандлей Кювас, 92 минутта Винсент Вермей «Хераклестің» үшінші және төртінші голдарын кіргізді.
Меркель жаңа командасында алғаш рет ассисент атанып отыр. Ол 6 турдың барлығында алаңға негізгі құрамда шықты.
«Хераклес» қазіргі кезде 13 ұпаймен үшінші орында келеді. Меркельдің командасы енді 30 қыркүйекте «Эммен» клубымен жолығады.
https://youtu.be/rqbtyKj8yoM