Қазақстандық бапкер Сергей Волгин жаттықтыратын воронеждік «Факел» Ұлттық футбол лигасының (Ресейдің екінші дивизионы) екінші турында жеңіліп қалды.
«Факел» өз алаңында «Сочиге» 1:2 есебімен жол берді. Қонақтар сапынан Максим Барсов пен Анзор Саная гол соқты. Ал «Факел» құрамынан «Ақтөбенің» бұрынғы ойыншысы Сандро Цвейба көзге түсті.
Осылайша, Волгиннің шәкірттері жаңа маусымның алғашқы екі матчында жеңіліп қалды.
Айта кетейік, Волгин Қазақстанда «Ертіс», «Атырау», «Қарасай Сарбаздары», «Қайрат», «Қайсар» және «Ақжайық» клубтарын жаттықтырған.