Қазақстандық бапкердің командасы Конференция лигасындағы алғашқы ұпайына ие болды

09.09.2022, 16:26
Литвалық клуб фаворит саналған «Слованмен» тең ойнады.
Қазақстандық бапкердің командасы Конференция лигасындағы алғашқы ұпайына ие болды

Қазақстандық маман Владимир Чебурин баптайтын литвалық «Жальгирис» УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңінің бірінші туры аясында сырт алаңда «Слованмен» тең ойнады (0:0).

Қазақстандық қорғаушы Дінмұхаммед Қашкен «Жальгиристің» қосалқы құрамына енгенімен, алаңға шықпады.

Ал «Слованды» қазір «Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Владимир Вайсс жаттықтыруда және бұл кездесуге «Астананың» экс-ойыншысы Тигран Барсегян мен Ақтөбе облысының тумасы Юрий Медведев қатысты.

Еурододадағы келесі ойынды қазақстандық маман Владимир Чебуриннің командасы 15 қыркүйекте швейцариялық «Базельге» қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×