Қазақстандағы жұлдыз ауруы

11.11.2020, 01:15
Мақтаған ойыншылар қазір тойда жүр ме?
Қазақстандағы жұлдыз ауруы

Қазақ футболы десе кері кеткен пікірлер мен сындардан аяқ алып жүру былай тұрсын, көзді ашудың өзі мұң. Кері кетті дейміз, себебін іздемейміз. Себеп десе болды қаржы, шет ел ойыншылары, стадион мәселесі, командадағы инфрақұрылымды алға тартамыз. Әрине, бұл себеп болуға тұрарлық жайттар, дегенмен енді есін жиып, футбол алаңындағы оң мен солын ажыратып, дамып келе жатқан ойыншыларды жұлдыз қылып жіберетініміз үлкен себеп секілді. Одан қала ол ойыншылар да дәл сол уақытта кері кете бастайды. Қазақстанда Месси пайда болды, Роналду өсіп келеді деген секілді теңеулермен желпінтіп жіберетініміз алға басудан қарағанда, нашарлап кетуге әкеліп жатқандығын байқасақ та, алдыңғы себептерді маңызды қылып қоямыз. Енді қараңыз егер, сол себептер маңызды болған болса, бірнеше күндерден кейін Еуропа додасының финалдық сынына шығуға таласайын деп жатқан Грузия мен Солтүстік Македонияда футболдағы инфрақұрылым дамып, керемет алаңдар жетерлік деп ешкім қадап айта алмайды. Демек, біздің асыра мақтауымыз, мақтауды сүйетін біз секілді ұлттың футболын биікке жетелемейтінін түсінгеніміз абзал. Жас ойыншыларды шақырып алып, түгелдей дерлік сұхбатта аузынан сөз суыра алмай, ойын туралы ойлайтын уақытында жұлдыз қылып аспанға іліп тастау еш нәтиже бермейтініне көзіміз де жетіп отыр.

Кешегі сіз бен біз мақтаған қазақтың Мессиіне баланған жап-жас, буыны қатаймаған Еркебұлан Сейдахмет қайда? Жер әлемге сыйдырмай, тіпті бүкіл сұхбат пен жазуға болатын жерлердің жартысында мақтап, жұлдыз қылып, қолпаштап, арқасынан қағып, еркінсіп кетуіне себеп болдық. Ұлттық құрамаға шақыртылып, гол соққанын жаханға жариялап, мақтауды тіптен үдеттік. Сол Еркебұлан қазір "Қайратпен" чемпиондықты тойлап, негізгі құрам ойыншысы болуына да мүмкіндік болған еді. Бірақ, біздің сөзімізге тиек болып отырған жайт тағы осында есіктен жылтыңдайды. Оны былай қойғанда "Жетісу" секілді ортаңқол команда сапында тек жаттығумен шектеліп жатыр. Ондай ойыншыны ұлттық құрамаға қалай шақырасыз? Таланты жоқ емес бар, дей тұрғанмен бұл футболшыны ұмытып, өзінің ойынын қалыптастырғанша мазаламаған жөн.

Ал кешегі "Астана" қақпасына тамаша голды тоғытқан Тоқтар Жанғылышбай ше? Бұл ойыншы жас емес, бірақ нағыз толысып болып, футболды шемішкеше шағатын шағында жұлдыз қылып қойдық. Нәтижесі, ұлттық құрамаға шақырылмайтын болды, одан қала "Ордабасы" сапында алаңнан көрудің өзі арманға айналды. Иә, бұл жағдайларға көп мақтаудан басқа қандай түсінік айта аласыз?

Енді қалыптасып келе жатқан жақсы қорғаушымыз да бар. Нұралы Әліп. Иә, тәп-тәуір ойнайды. Оның соңғы берген сұхбатын көрсеңіздер, сөзге шорқақ, ұяңдығы бар екенін байқауға болады. "Қайрат" ойыншысының қазіргі сәтте ондай сұхбаттарды ойлап, тағы кері кетіп, ойындағы имиджіне емес, өмірдегі имиджіне назар аударып кетуіне алып келе жатырмыз. Сол сұхбатқа неге Ғафуржанды немесе Стас секілді толысқан ойыншыларды, болмаса бапкерлерін шақырмаймыз. Ол сізге де жақсы емес пе? Жас ойыншының аузына қарап, сұрақтардың толық жауабын ала алмаған, қызықсыз сұхбаттарға қарағанда.

Бізде Бахтиер Зайнутдинов деген де ойыншы бар. Ол қазір "ЦСКА" клубында доп теуіп жүргені бәрімізге аян. Ол ойыншыны Еуропаға кетеді, топ чемпионаттан көреміз деп асырып айтып, сөнген жұлдыздар қатарына жол ашудың қажеті жоқ. Ол қазіргі командасындағы позицияда бапкердің амалсыз әрекетінің нәтижесінде ойнап жүр. "Ростовта" қалай өнер көрсеткен еді, анығында алаңның қай бұрышында? Демек, оның ойыны әлсіз, "ЦСКА-да" сол позицияда ойнауға қауқарсыз дегенге саяды. Қазақстан құрамасы Беларустарға алғашқы ойында жеңілгенде, шабуылда Бахтиер жетпеді деген желеуді көптеп естідік. Енді өз клубында қорғаныста ойнайтын ойыншыны Қазақстанның келесі ойындарындағы жеңілісінде себеп бола алмасы анық.

Қазақта, қазақ футболында осындай жұлдыздар бар деп айтатын уақыт келеді. Оған асығып біздің қара домалақтардың футболшы болып қалыптасуына кесірімізді тигізбейік. Ойыншыларды мақтап, мадақтағаннан пайда жоқ екендігін түсінетін уақыт жетті. Қазақта "мақтаған футболшы тойда жүр" деген сөз қалып кетпес үшін, ойыншылардың өмірін той қылып жібермеуіміз керек секілді.

НАҚЫСБЕК СЕРІКБОЛ


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.355
Ничья
5.6
П2
9.15
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.958
Ничья
4.025
П2
3.75
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.53
Ничья
4.895
П2
5.96
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.34
Ничья
3.615
П2
2.222
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.81
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.075
Ничья
3.79
П2
1.936
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.087
Ничья
14
П2
29
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.682
Ничья
4.535
П2
4.74
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.151
Ничья
9.3
П2
20
Aladop Youtube
×