Аға жаттықтырушы Алмас Құлшынбаев оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың есімдерін жариялады.
17 қарашада біздің футболшылар Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі соңғы ойынында Фарер аралдары құрамасын қабылдайды. Ойын Шымкент қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтеді.
Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны 14 қарашада басталады.
Қақпашылар: Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»), Жандар Жанғалиев («Мақтарал»);
Қорғаушылар: Геворг Наджарян, Ади Адамбаев (екеуі де - «Шахтёр»), Сағадат Тұрсынбай, Роман Асранкулов (екеуі де - «Тобыл»), Әлібек Қасым («Қызыл-Жар»), Талғат Кусяпов («Оқжетпес»), Дінмұхамед Қашкен («Қайсар»);
Жартылай қорғаушылар: Мәди Жақыпбаев, Сұлтан Сағнаев (екеуі де - «Астана»), Адам Адахаджиев, Сұлтанбек Астанов (екеуі де - «Қайрат»), Эльхан Астанов, Аслудин Хаджиев (екеуі де - «Ордабасы»), Жасұлан Қайыркенов, Лев Скворцов (екеуі де - «Атырау»);
Шабуылшылар: Еркебұлан Сейдахмет («Жетісу»), Акмаль Бақтияров («Сочи», Ресей), Оралхан Өміртаев («Тобыл»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Данияр Үсенов («Қайрат»);
Жаттықтырушылар штабы: Алмас Құлшынбаев – аға жаттықтырушы, Асқар Қожабергенов – аға жаттықтырушының көмекшісі, Тимур Молдағалиев – жаттықтырушы, Виталий Кувшинов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ахмадхон Искандаров – дәрігер, Станислав Ведлер – массажист, Қайратәли Күнходжаев – массажист, Динмухамед Оралов – менеджер, Николай Стриганов - видеооператор.
Біздің серіктес: FONBET