21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Талғат Байсуфинов 2019 жылы өтетін Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінің Словения жастар құрамасына қарсы кездесулеріне қатысатын ойыншыларды атады.
Аталған еуропалық ұжыммен алғашқы кездесу 7 қыркүйекте Астанада, одан кейінгі кездесу 11 қыркүйекте Словенияның Птуй қаласында өтеді.
Тізімге төмендегі 25 ойыншы енді:
Қақпашылар: Игорь Трофимец («Ақтөбе»), Мұхамеджан Сейсен («Тараз»), Илья Сотник («Екібастұз»);
Қорғаушылар: Қуаныш Қалмұратов («Атырау»), Нұралы Әліп, Александр Соколенко, Мәди Айтөре (бәрі - «Қайрат»), Жахонгир Ходжамов (РЦОП, Беларусь), Сұлтан Әбілғазы («Тобыл»), Рауан Орынбасар («Жетісу»), Сағадат Тұрсынбай («Тараз»), Талғат Кусяпов («Оқжетпес»), Ернұр Құсайынов («Екібастұз»), Елжас Сарбай («Байқоңыр»);
Жартылай қорғаушылар: Юрий Перцух («Атырау»), Артем Попов («Ертіс»), Роман Уханов («Петрокуб», Молдавия), Максим Федин («Тобыл»), Геворг Наджарян («Шахтер»), Рамазан Оразов («Қайрат»), Наурызбек Жагоров («Оқжетпес»);
Шабуылшылар: Иван Антипов («Ақжайық»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Өркен Махан («Байқоңыр»).