Қазақстан жастар құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын бастады

19.03.2022, 17:08
Оқу-жаттығу жиыны он күнге созылады.
Қазақстан жастар құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын бастады

Қайрат Нұрдәулетов жаттықтыратын Қазақстан жастар құрамасы бүгін Талғардағы ұлттық құраманың базасында Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Шотландиямен өтетін ойынға дайындықты бастады.

Қар араласқан жаңбыр астында өткен алғашқы жаттығуда команда екі топқа бөлінді. Бірінші топтағы футболшылар толық жаттығу жүргізсе, Премьер-лиганың үшінші турына қатысқан ойыншылар екінші топта арнайы дайындалды.

Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы 24 наурыз күні Қырғызстанның олимпиадалық құрамасымен жолдастық матч өткізіп, 29 наурыз күні Шотландия жастарымен тартысқа түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×