Бүгін Қазақстан жастар құрамасы Түркияда өтіп жатқан "Antalya Cup" турнирі аясында Болгария құрамасынан 3:1 есебімен жеңілді.
Алғашқы таймда қос команда да гол соға алмады. Ал 51-61 минут аралығында Болгария жастары үш бірдей гол соқты. Ал 82-минутта Қазақстан жастар құрамасының капитаны Сұлтан Сағнаев пенальтиді сәтті орындады.
Негізгі құрам: Жомарт (қ); Хаджиев, Қашкен, Зубайділдә, Асқаров; Иманғазиев, Бачек, Сағнаев (к), Буранчиев, Қараман; Скорых.
Қосалқы құрам: Устименко (қ); Скворцов, Жұмаханов, Совет; Ульшин, Кеңесов; Прокопенко, Мұхамед.
Біздің жастар турнирдегі келесі ойынын 29 наурыз күні Өзбекстан U-23 құрамасымен өткізеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де басталады.
Біздің серіктес: FONBET