Қазақстан ұлттық құрамасының Грузия мен Андорра құрамаларына қарсы кездесулерге шақырылған ойыншылар тізімі

20.08.2018, 21:01
Қазақстан ұлттық құрамасының Грузия мен Андорра құрамаларына қарсы кездесулерге шақырылған ойыншылар тізімі
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов УЕФА Ұлттар Лигасының алғашқы кездесулеріне қатысатын ойыншылар тізімін жариялағанын, - Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.
Тізімге 23 ойыншы енді: Қақпашылар: Ненад Эрич («Астана»), Владимир Плотников («Қайрат»), Дмитро Непогодов («Тобыл»); Қорғаушылар: Сергей Малый, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко (бәрі - «Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев, Станислав Лунин (екеуі де - «Қайрат»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»); Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан, Ян Вороговский, Магамед Парагульгов, Георгий Жуков (бәрі - «Қайрат»), Бактиер Зайнутдинов, Серикжан Мужиков (екеуі де - «Астана»); Шабуылшылар: Еркебулан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Алексей Щеткин, Роман Мұртазаев (екеуі де - «Астана»), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Еркебұлан Сейдахмет («Уфа», Ресей). Құрама сапына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, УЕФА Ұлттар Лигасының алғашқы кездесуінде Қазақстан құрамасы Грузия құрамасын 6 қыркүйекте "Астана Арена" стадионында қабылдайды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×