Қазақстан U-19 құрамасы Түркияны жеңді

02.09.2018, 16:49
Қазақстан U-19 құрамасы Түркияны жеңді
Кеше, 1 қыркүйекте 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Гранаткин Мемориалы турнирінің топтық кезеңінде екінші ойынын өткізді.
Александр Кузнецов шәкірттері «А» тобында ойнайды. Бұл жолы қарсылас Түркия жасөспірімдер құрамасы болды. Кездесудің 33-минутында Түркия құрамасының қорғаушысы өз айып алаңында Максим Вагановты шалып құлатты. Қазақстан U19 құрамасының капитаны Дінмұхамед Қашкен пенальтиді мүлтіксіз орындады. Ойын соңына дейін осы есеп аяқталды. Қазақстан U-19 құрамасы келесі ойынын 4 қыркүйек күні Санкт-Петербург қаласының құрамасымен өткізеді. Түркия U-19 - Қазақстан U-19 - 0:1 (0:1) Гол: Қашкен 33 - пенальти Ескерту: Акгюн 17, Карнучу 36, Такырш 88 - Усачев 63, Қараман 78. Түркия U-19: Езкан, Дживелек (Такырш 70), Бичер, Чакы, Карнучу, Гюль (к), С.Акгюн, Ю.Акгюн (Ташкен 61), Сечгин, Гермэс (Бекташ 46), Кол. Қосалқы құрам: Уруч, Гекиимен, Акюз, Айтун, Аййылдыз. Қазақстан U-19: Устименко, Совет, Шәмши, Қашкен (к), Әйтім, Сағынаев, Жақыпбаев, Скворцов, Кеңесов (Қайыркенов 42), Усачев (Ульшин 65, Красноперов 79), Ваганов (Қараман 54, Глазунов 79). Қосалқы құрам: Саенко, Жұмаділов, Нұрсейітов. Төрешілер: Егоров, Пелых, Шаламов. 01.09.2018. Санкт-Петербург. «Рощино Арена».

kff.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×