Қазақстан құрамасының сәтті ойнауының себебі неде?

28.03.2023, 00:10
Күллі Қазақстан жұрты ұлттық құраманың ойынымен мақтанып жүр. Қазақстан құрамасы бір жылда түбегейлі қалай өзгеріске ұшырады?
Қазақстан құрамасының сәтті ойнауының себебі неде?

Бірінші себеп әлбетте Қазақстан футбол федерациясының президентінің ауысқаны. Көп жылдар бойы Әділбек Жақсыбеков басқарған ұйымға Әділет Бәрменқұлов келді. Сайлауда жеңіске жетіп, ел футболының тізгінін өз қолына алды. Бұл кезде ұлттық құрама Ұлттар лигасының Д лигасына түсіп қалудың аз алдында тұрған. Өтпелі матчта Молдованы жеңген соң, ҚФФ президенті Магомед Адиевті бас бапкер ретінде тағайындап, күрделі өзгеріс жасады. Құраманың әр ойынына барып, команда ішінде өзі де жүрді. Футболшыларға мотивация сыйлап, жеңіске жігерлендірді. Осының арқасында Қазақстан құрамасы нағыз командаға айналды. Бұл басты себептің бірі.

Екіншіден Магомед Мұсаұлының командаға әңгімесі жарасатын, ішкі атмосфераны құртпайтын ашық-жарқын футболшыларды алуы. Әйтпесе, шеберлігі сәл де болса жоғары ойыншылар бар. Алайда, футболда жалғыз адам ештеңе өндіре алмайды. «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» демекші, бапкер жеке ойыншыларға емес, түбегейлі командаға сенді. Соған баса назар аударды. Командаға келіп іріткі салып, мен неге ойнамаймын, ол неге маған пас бермейді деп бүлік шығарғандарды бірден аластатты. Сосын, жеке клубта жақсы ойнап, ұлттық құрамада барын салмайтын аяқдопшыларға шығатын есікті көрсетті. Міне, осыдан кейін командалық рух пайда болды. Иә, Магомед Әдиев Мауриньо секілді ғаламат тактик бапкер емес шығар, алайда ол команданы бір идеяға жұмылдыра алатын, сенімі мол адам. Егер бапкер өзі сенбесе, шәкірттері жеңіске қайдан сенсін?!

Үшіншіден, жанкүйердің қолдауы. Ұлттар лигасындағы жарыста Қазақстан құрамасына қолдау білдірген фанаттардың сол кезде қарасы көп емес еді. Словакия, Әжербайжан, Белорусь құрамаларын жеңген сайын күллі қазақ елі Қазақстан құрамасына қолдау білдіре бастады. Хейтерлер қолдаушыға айналып, ұзақ жылдар бойы жүрегінде сөніп қалған жанкүйерлік отты қайта тұтатты. Соңғы екі ойынымзда «Астана Арена» лық толы болды. Телекөрсетілімнің де рейтингтері аспанға ұшып тұр. Әлеуметтік желіні ашып қалсаңыз аяқдопшыларымыздың ерлегі жазылған әдемі посттар. Міне, бұның өзі де үлкен себеп. Егер ұлттық құрама команда болып біріге алса, айрандай ұйыған ұжым ретінде қалыптасса, онда мұқым қазақ футбол жанкүйері де бір тудың астына бірігуі тиіс.  

Кешегі матчты тіпті ресейлік тілшілер жарыса жазды. Олардың біршамасы кешегі ойында жұмыс істеді. Өйткені, өз елдерінде мұндай футбол мерекесі жоқ. Өзбекстанның басты спорт арнасы тікелей эфир көрсетті. Жарты милион оқырманы бар әлем футболы туралы жазатын порталдар Абаттың баспен салған голына тамсанды. Ал Асхат Тағыбергеннің голы УЕФАның ресми парақшасында тұр. Шамасы бұл гол 2-турдың үздік голы болатын шығар. Міне, футбол күллі бір ұлтты ұйыстыратын, барша Қазақстанды бірлестіре түсетін, бірлікті нығайта алатын құралға айналды. ҚФФ басшылығы, бапкерлер, футболшылар, жанкүйер қауым біріксе алынбас қамал жоқ. Қазақстан құрамасына сәттілік жолдас болып, сенсациялар сериясын жасауы осының айғағы. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.5
П2
8.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.977
Ничья
3.995
П2
3.71
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.915
Ничья
3.95
П2
3.99
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.509
Ничья
4.945
П2
6.22
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.315
Ничья
3.62
П2
2.233
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.394
Ничья
3.81
П2
2.894
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.025
Ничья
3.79
П2
1.946
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.087
Ничья
14
П2
29
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.691
Ничья
4.48
П2
4.735
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
Aladop Youtube
×