Қазақстан құрамасының 36 жастағы бұрынғы қақпашысы Александр Григоренко кәсіби мансабын аяқтады, деп хабарлайды инсайдер Айдын Қожахмет.
«Динамо Киев» клубының түлегі ересектер арасындағы мансабын Қазақстанда өткізді, Ұлттық құрама мен еліміздің жастар құрамасына шақыртылып отырды.
Қақпашы қазақстандық бірнеше клубта өнер көрсетті. Атап айтсақ, «Атырау», қарағандылық «Шахтер», шымкенттік «Ордабасы», «Тараз» және қызылордалық «Қайсар» сынды клубтардың қақпасын қорғаған.
Жалпы клубтық мансабында 162 ойын өткізіп, 193 гол өткізіп алса, 49 матчта қақпасына гол жібермеген.
Біздің серіктес: FONBET