Қазақстан құрамасының бапкерлік штабы «Ордабасының» жаттығуына келіп қайтты

13.02.2021, 18:16
Бұл бастамаға «Қайраттан» басқа клубтардың бәрі келісті
Қазақстан құрамасының бапкерлік штабы «Ордабасының» жаттығуына келіп қайтты

Талғат Байсуфинов өзінің көмекшілерімен бірге Қазақстан құрамасының ойыншыларының физикалық жағдайы туралы мәліметтер базасын құру мақсатында ҚПЛ клубтарының ішінде ең алғаш болып шымкенттік команданың футболшыларын тестілеуден өткізді.

Ойыншыларға тест жүргізу жайлы ұлттық құраманың аналитик-бапкері Павел Черепанов пікір білдірді:

- Бүгінгі іс-шараның тапсырмасы – бұл осы кезеңдегі дайындықта ойыншылардың жылдамдықтары мен төзімділіктерін бақылау. Сол үшін де бастапқы нәтижелерді білу маңызды. Себебі, болашақта ойыншылар ұлттық құрама қарамағына келген сәтте, біз олардың көрсеткіштерін алдын-ала білетін боламыз. Ұлттық құрамаға шақырылуға үміткер ойыншыларға тестілеу міндетті түрде ары қарай жалғасатын болады. Барлық көрсеткіштерің динамикасын көрсету маңызды. Иә, бәлкім бұл кезеңдегі сандар жақсы да емес шығар, бірақ біз мұны тек дайындықтың бастамасы екенін білеміз. Бұл сандардың әлі де өсетініне шүбәм жоқ.

Ең жағымдысы – ол ойыншылардың бүгінгі күні өздері ие мүмкіндіктерінің барлығын жүз пайызға көрсетуі. Біз «Ордабасының» алғашқы команда болып тестілеуден өткеніне қуаныштымыз. Бұл Қазақстан футбол федерациясы мен бас бапкер Талғат Маруаұлының жеке бастамасы екенін айтып өткім келеді. Қазір біз ойыншылардың шеберлік деңгейі мен дайындығын бақылап отыру үшін, Қазақстанның барлық футболшыларына арналған банк ашқымыз келеді.

Біз U-17, U-18, U-21 командаларынан ұлттық құрамаға дейін сабақтастық болғанын қалаймыз. Мұндай іс-шараны біз көптеген жылдардан бері алғаш рет ұйымдастырудамыз және бұл ұлттық құрамаға ғана емес, клубтардың өздеріне де пайдалы болады деп сенеміз. Қазіргі сәтте «Қайраттан» басқа барлық клубтар бұл бастамаға қолдау білдірді. «Ордабасы» біздің кеңейтілген тізімдегі бірінші команда болғаны үшін клуб басшылығына алғысымызды білдіреміз.

"Ордабасы" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.376
Ничья
5.45
П2
8.65
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
2.008
Ничья
3.975
П2
3.615
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.968
Ничья
3.915
П2
3.81
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.529
Ничья
4.84
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.26
Ничья
3.585
П2
2.272
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.422
Ничья
3.77
П2
2.876
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.01
Ничья
3.81
П2
1.945
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.08
Ничья
14.8
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.691
Ничья
4.48
П2
4.735
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
×