Қазақстан құрамасы студенттер арасындағы ӘЧ-нің плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты

22.08.2018, 23:50
Қазақстан құрамасы студенттер арасындағы ӘЧ-нің плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты
Қазақстанның футзал құрамасы Алматыда өтіп жатқан студенттер арасындағы әлем чемпионатының шешуші матчында Балрусь құрамасымен тең түсті. Vesti.kz басылымының хабарлауынша, ойын кеше, 21 тамызда өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Ойынның тоғызыншы минутында "Жетісу" мен ұлттық құрама футболшысы Арнольд Кнауб Қазақстанды алға шығарғанымен, 14-ші минутта қарсыластар есепті теңестіре алды. Осылайша, Қазақстан құрамасы жеті ұпаймен плей-офф кезеңіне өткен командалар арасында бірінші орында тұр. Екінші орында алты ұпаймен Чехия құрамасы, Үш ұпай жинаған Беларусь құрамасы үштікте. Ал Жаңа Зеландия футболшылары үш ойында да ұтылып қалды. Студенттер арасындағы әлем чемпионаты 19 тамызда басталған. Алматыда өтіп жатқан турнирге 16 ерлер және тоғыз әйелдер командасы қатысып жатыр.

Vesti.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×