Қазақстан құрамасы Нұралы Әліп пен Алексей Щёткиннен айырылды

11.10.2020, 17:55
Албанияның көшбасшы ойыншылары бүгінгі матчқа қатыспайды деп қуанып жүргенде біздің құраманың мықты ойыншылары да ойынға қатыса алмайын деп тұр.
Қазақстан құрамасы Нұралы Әліп пен Алексей Щёткиннен айырылды

Аяғындағы жарақатына байланысты ұлттық құраманың шабуылшысы Алексей Щёткин Ұлттар лигасының Албания мен Беларуссияға қарсы матчтарына қатыса алмайды.

Сондай-ақ, келесі ойындарға ұлттық құраманың қорғаушысы Нұралы Әліп те қатыса алмайды. Футболшы Албаниямен матч алдында Covid-19 сынағынан өтіп, оң нәтиже көрсеткендіктен, бірден оқшауланды. Футболшы өзін жақсы сезінеді және дәрігерлердің бақылауында. Командадағы қалған ойыншылардың сынақтары теріс нәтиже берді.

Айта кетейік, Қазақстан бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де Албанияға қарсы ойнайтын болады. Бұған дейін Бауыржан Исламханның да жарақат алғаны белгілі болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×