Қазақстан құрамасы 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Франциямен кездесті. "Астана Аренада" өткен матч 0:2 есебімен француздардың пайдасына аяқталды.
Ойындағы алғашқы гол 19-минутта соғылды. Антони Марсьяльдан пас алған Усман Дембеле Мокин қақпасын дәл көздеді. Ал бірінші тайм аяқталар тұста Сергей Малый өз қақпамызға гол соғып алды. 75-минутта Қазақстан құрамасының қақпасына пенальти тағайындалды. Килиан Мбаппенің соққысын Мокин сәтті қайтара білді.
Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 31 наурыз күні Украинаға қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET