Қазақстан мен Андорра кездескен сайын бір футболшымыз дубль авторы атанып отырған

10.09.2018, 01:34
Қазақстан мен Андорра кездескен сайын бір футболшымыз дубль авторы атанып отырған
Қазақстан мен Андорра осы уақытқа дейін екі рет кездескен. Екі ойын да 2010 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен. Алдымен, осыдан 10 жыл бұрын 20 тамыз күні Алматының Орталық стадионында жолымыз түйісті. Шабуылшы Сергей Остапенко дубль жасады.Бір голды сол кездері "Атырау" сапында ойнаған Роман Узденов енгізді. Қорытынды есеп 3:0. Қазақстан – Андорра – 3:0  Голдар: Остапенко, 14 (1:0), Остапенко, 30 (2:0), Узденов, 44 (3:0) Қазақстан: Лория, Нұрдәулетов, Кучма, Смақов, Ырысметов, Скорых (Карпович, 68), Балтиев, Асанбаев (Байжанов, 79), Остапенко, Узденов (Бяков, 63), Жұмасқалиев (к). Андорра: Гомес, Айяла (Эскуро, 14), Бернаус, Валес, А.Лима (к), И.Лима, Тоскано (Х.М.Гарсиа, 72), Понс (Сомоса, 82), Сильва, Андорра, Виейра. 20.08.2008. Алматы, "Орталық" стадион. 7 700. Төртеші: Вячеслав Банарь (Молдова) Одан кейін 2009 жылы 9 қыркүйекте Андоррада кездескен. Ол кезде де 17 жастағы Сергей Хижниченко дубль жасаған болатын. Бір голды пенальтиден Руслан Балтиев соқты. Екінші таймда Сонезе бір гол соғып, есеп айырмасын бір допқа қысқартқан. Андорра – Қазақстан – 1:3 Голдар: Хижниченко 14 (0:1). Балтиев, 28пенальти (0:2). Хижниченко, 34 (0:3). Сонезе, 69 (1:3). Андорра: Гомес, Айала, Бернаус, Сонезе, Валес (Эскура 45+1), Лима, Мартинес, Виера (Риера 87), Силва, Хименес (Тоскано, 54), Морено Қазақстан:Мокин, Киров, Абдулин, Кислицын, Карпович, Аверченко, Хижниченко (Эрбес, 90), Балтиев, Кқкеев (Нұрғалиев 87), Логвиненко, Финонченко (Скорых, 77) Төреші: Туснье (Люксембург) 9 қыркүйек, 2009 жыл. Андорра-Ла-Велья. «Эстадио Комунал» . Қарап отырсақ, екі матчта да бір ойыншымыз дубль жасаған. Алдымен, Сергей Остапенко. Одан кейін Сергей Хижниченко. Осы сұрақты Андорраға барған тілшілеріміздің бірі Еркебұлан Сейдахметке қойған екен. — Қазақстан Андорраны екі рет жеңген. Сол кезде Остапенко мен Хижниченколар дубьл авторлары атанған. Осы ойында 2 гол соғатын футболшы бола ма? — Иә, неге соқпасқа? Бұл рәсімді жалғастырып, жеңіске жетсек дейміз. Ал құрамадағы шабуылшылардың бірі дубль жасауы әбден мүмкін, деп жауап беріпті Сейдахмет.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×