Қазақстан кубогы кімге бұйырады?

18.04.2023, 21:20
Ертең еліміздің 8 қаласында Қазақстан кубогының негізгі жарысы басталады.
Қазақстан кубогы кімге бұйырады?

1/8 финал жарысынан басталғалы тұрған кубоктың іріктеу кезеңі артта қалды. Онда топтық кезең өтіп, 2 мықты команда суырылып плэй-офф сатысына жолдама алды. Бұл «Ақжайық» пен «Тұран» командалары. «Тұран» осы кезеңде «Каспиймен» кездеседі. Ойындар үйде және түзде өтеді. Жауапты матчы қарастырылған кездесулерде неше түрлі камбэктер орын алуы ықтимал. Мысалы, «Каспий» мен «Тұран» арасындағы ойында нақты фаворитті анықтау қиын. Премьер-лига командасы «Каспий» жаңа бапкер тағайындады. Демек, алғашқы матчта ақтаулық ұжым басым түсі ықтимал.

Екінші жұпта «Қызылжар» мен «Жетісу» кездеседі. Біріншілікте турнирлік кестеде көш бастап тұрған «Қызылжар» қазір бабында. «Жетісуды» өз алаңында жеңіп жіберетіндей қауқары бар. Әли Әлиевтің командасында сапалы легионерлер көбірек. Әсіресе бразилиялық ойыншы Пернамбуку жалғыз өзі матч тағдырын шеше алады.

«Ақтөбе» мен «Атырау» жұбында анық фаворит алаң иелері. Бұл екі ұжым 6-тур ойындары кезінде бір-бірімен ұшырасты. «Ақтөбе» 4 гол айырмашылығымен жеңіске жетті. Енді қалай болар екен? Екінші матчта «Атырау» тегеурінді қарсылық көрсетуі ықтимал. Десе де, «Ақтөбе» бәрібір фаворит екені даусыз.

«Шахтер» - «Оқжетпес» жұбында екі команданың да ширек финалға өтетін шамасы бар. «Оқжетпес» чемпионатты сәтті бастағанымен соңғы матчтарда жеңіліп жүр. Ал «Шахтерде» барлығы керісінше. Олар соңғы матчта 3:0 есебімен «Мақтааралды» ұтып, бір серпіліп қалды. Қарағ,андыда қазір қалың қар жауып тұрғанын ескерсек, күн райының қолайсыздығынан бұл матчта көп гол болмайтын сыңайлы.

«Қайрат» «Ақжайықпен» кездеседі. Бірінші лиганың командасы «Қайратқа» төтеп беруі неғайбыл. Оралдың командасы төменгі лигада жақсы нәтиже көрсетіп жүргенімен, алматылық команда кеше ғана «Астананы» «Астана Аренада» 3:0 қылып жеңген. Сондықтан, алаң иелері айқын фаворит деп есептейміз. Ал «Тобыл» - «Ақсу» жұбының алғашқы матчында қостанайлықтар басым түскенімен, «Ақсу» қарымта матчта сес көрсетуі ықтимал. Десе де, бұл команданың қазіргі хәлі мүшкүл. Осы матчтарда жеңбесе, бас бапкер Руслан Костышин қызметінен кетеді.

«Ордабасы» - «Мақтаарал» матчы оңтүстік аймақтың дербиі десек артық емес. Қала мен облыстың командасы арасындағы теке тіресте қалалықтардың бәсі жоғары. Тек осы матчтан кейін «Ордабасы» «Қайратқа» қонаққа барады. Чемпионатта ұпайдан шашау шығармас үшін олар, осы кездесуге екінші құрамын шығаруы мүмкін.

«Астана» - «Қайсар» кездесуінде букмекерлік кеңселер елордалық клубты фаворит санап отыр. Алайда, соңғы кездегі нәтижелерді ескере отырып, «Қайсардың» осы матчтан жақсы көңілмен қайтуын ойлап отырмыз. Олар қарсылық көрсете алады. Тіпті жеңіп кетуіге де шамасы жететін команда. Ширек финалға шығатын команданы дәл тауып айту қиынға соғып тұр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.5
П2
8.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.977
Ничья
4.015
П2
3.69
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.915
Ничья
3.95
П2
3.99
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.509
Ничья
4.945
П2
6.22
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.315
Ничья
3.62
П2
2.233
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.394
Ничья
3.81
П2
2.894
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.025
Ничья
3.79
П2
1.946
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.087
Ничья
14
П2
29
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.691
Ничья
4.48
П2
4.735
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
Aladop Youtube
×