Қазақстан командасы «Барселонаны» ұтып кетті

13.09.2018, 00:15
Қазақстан командасы «Барселонаны» ұтып кетті
Шымкентте әйелдер арасында Чемпиондар лигасының 1/16 финалының алғашқы ойыны өтті. Жергілікті «БИІК-Қазығұрт» Испаниядан келген «Барселонамен» кездесті. Ойын күтпеген жерден Шымкент командасының жеңісімен аяқталды. Отандастарымыз бұл ойында 3:1 есебімен басым түсті. Алдымен 45-минутта Алексия Путельяс есеп ашты. Екінші таймның бас жағында Фазила Иквапут есепті еселей түсті. Сосын 60-минутта бірнеше жылдан бері «БИІК-Қазығұрт» доп теуіп келе жатқан грузиялық шабуылшы Гүлнәра Габелия матчтағы үшінші голды соққан. Кейіннен Каталониядан келген қыздар есепті бір допқа қысқартты. Көзге түскен Тони Дагган. Қарымта ойын 26 қыркүйекте өтеді. Осы ойынның алдында «Барселона» клубы айқын фаворит саналған. Екі команда бұған дейін 2015/16 жылғы маусымда жолыққан. Ол кезде Шымкенттегі матч 1:1 есебімен аяқталса, қарымта ойында «Барселона» 4:1 есебімен жеңген болатын. Айта кетейік, «БИІК-Қазығұрт» бұған дейін іріктеу кезеңінде өз тобында бірінші орын алған. Грекияның «Эльпидес Кардицас» (2:1), Латвияның  «Ригас ФС» (5:0) және Австрияның «Ландхаус» (2:0) клубтарын жеңген болатын. Әзірге қазақстандық команда ешқашан 1/8 финалға шығып көрмеген.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×