Ал, достар, еліміздегі футбол күні құтты болсын! Әрине, бұл күнмен келіспеуге де болады... атап өтсек 2002 жылдың 25 сәуірінде Швеция астанасы Стокгольм қаласында Қазақстан, 14% жері Еуропада орналасқан деп сылтау қылып, "кәрі құрлық" футболының мүшесі болдық. Бұл, ол кездегі Қазақстан Футбол Кеңесінің президенті Рахат Әлиевтің жеке "жеңісі" деп айтуға болады. Сол дата-Қазақстанның футбол күні деп тіркелінді! Сонда, оған дейін бізде футбол болмаған ба? УЕФА-ға кірмей тұрғанға дейін біздің аяқдопшыларымыз Азия құрлығында біраз жыл өнер көрсетті емес пе еді: сол, "сары құрлықтың" арқасында үлттық жасөспірімдер құрамасы (U-20) тұңғыш (одан ары енді қатыспайды-ау, осы) рет Әлем Чемпионатының ақтық кезеңінде ойнады! Шағын-футболшыларымыз Азия құрлығында ең азулы ұйымдардың бірі болып, "келімсектерсіз-ақ", Әлем Чемпионатына қатысты. Негізі, ұсталмаған заң бойынша, кез келген спорт түрінің қай жылы Ұлттық Федерациясы құрылды-сол кезден бастап саналады сол спорттың ресми түрде "дүниеге келуі". Ал, біле білсек, Қазақстан футбол қауымдастығы анау 1946 жылы құрылған екен 74 жыл биыл толып отыр деген сөз бұл. Әттен, қай күні тіркелгені беймәлім маған. Жарайды енді, мүмкін сол заманда ешкім мән бермеген болар осыған.. мейілі, 25 сәуір болса бола берсін. Бірақ, 1946 жылдан бастап санағанымыз дұрыс және әділ болар еді деген ойым ғой. P.S. мәлімет ретінде: Қазақстан Республикасының аккредитталған спорт түрінің қалғандары (100 астам спорт түрі) Азия құрлығының (қауымдастақтарының) мүшесі...
Біздің серіктес: FONBET