Қазақстан - Босния және Герцеговина матчына келген көрермендер саны белгілі болды

10.10.2021, 15:50
Стадионның 43 пайызы жанкүйерлерге толы болған екен.
Қазақстан - Босния және Герцеговина матчына келген көрермендер саны белгілі болды

Қазақстан мен Босния және Герцеговина құрамалары арасындағы әлем чемпионатының іріктеу матчына (0:2) келген көрермендер саны белгілі болды, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Кеше «Астана Аренаға» 12 897 көрермен келді. Бұл стадион сыйымдылығының 43 пайызын құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, матч қарсаңында стадион сыйымдылығының 50 пайызына жанкүйерлердің кіруіне рұқсат етілген болатын.

Қазақстан құрамасы келесі матчын 12 қазан күні Финляндияға қарсы өткізеді. Бұл ойын да «Астана Арена» стадионында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×