Қазақ футболының дамыту стратегиясының жаңартылған нұсқасын еуропалық беделді маман әзірлейді

14.05.2021, 16:16
Бұл маман «Боруссия Дортмунд», «Барселона», «Ювентус» клубтарына да кеңес береді.
Қазақ футболының дамыту стратегиясының жаңартылған нұсқасын еуропалық беделді маман әзірлейді

Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділбек Жақсыбеков қолданыстағы Қазақстан футболын дамыту стратегиясын жаңарту туралы бастама көтерді, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Бағдарламаны дайындау үшін футбол медиа-индустриясы, зерттеу және стратегия саласындағы сарапшылар тобының көшбасшысы саналатын Result Sports компаниясының бас директоры Марио Лео шақырылды. 

Марио Лео дүние жүзі бойынша 60-тан астам футбол клубтары мен ұлттық қауымдастықтарға кеңес береді. Олардың арасында «Боруссия Дортмунд», «Барселона», «Ювентус» клубтарының және Еуропаның елдерінің футболды дамыту туралы 14 стратегиясын жазып шыққан. 

– Стратегияның жаңартылған нұсқасын әзірлеу үшін Қазақстанда кешенді зерттеу жұмыстары басталды. Оның ішінде жас ерекшеліктері және аймақтар бойынша футболмен шұғылданатындар, инфрақұрылымның сапасы, қазақ футболының экономикалық бөлігі, демеушілер мен инвесторлардың қызығушылығы сынды маңызды аспектілер қамтылған. Сонымен қатар елдегі жарыс жүйелеріне баға беріледі, - дейді Марио Лео.

– Зерттеу қорытындысы бойынша қорытынды жасалып, шешім қабылданады. Даму жолының әлеуеті анықталады. Қазақстандық футболшылардың дамуына кедергі келтіретін негізгі факторлар айқындалады: ойыншылар мен бапкерлердің жетіспеуі, инфрақұрылымның нашарлығы және т.б., - деп жалғастырады Марио Лео. – Елдегі футболдың жағдайын толық зерттеу бұқара халықтың қаншалықты жақын екенін анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен, 100 мың адамның арасында 10 мыңы доп тебеді. Тағы 40 мыңының қызығушылығы бар. Олардың не себептен футбол ойнамайтынын анықтау қажет. Қазақ футболы алдағы 3-5 жылда қай бағытқа қозғалатынын саралап, нақты әрі басым бағыттарды түзу міндет. 

Сараптама жүргізіліп, қорытынды шығарылғаннан соң келесі кезеңге көшеміз. Ол – стратегияны әзірлеу. Мақсат-міндеттері және даму жолдарын айқындау. Алдағы үш жылда көрсетілген бағыттарды шешіп, дамыту шарт. Содан кейін шешуші кезең – бағдарламалар мен жобалар. Бұл кезеңде жүзеге асыратын 12 жоба қолға алынады. Үш жыл ішінде одан артық жобаларды сапалы жүргізу мүлдем мүмкін емес. 

Бірыңғай стратегия ең алдымен футболда ортақ көзқарасты қалыптастыру үшін керек. Жанкүйерден бастап, мемлекеттен аяқталады. Спорттың бұл түрі өзгелерге қарағанда әлеуметке орасан ықпалын тигізеді. Әлемнің түкпір-түкпірінде футболға деген қызығушылық жоғары. Футболға қызығатын барлық тараптың ортақ түсінігі мен стратегиясы арқылы әрі қарай қолдауға болады. Сол арқылы бизнес тартылады. Олар инвестиция салып, қандай нәтиже шығаратынын болжай алады. 

– Жаңартылған стратегияны жүзеге асыру қашан басталады? 

– 2022 жылдан басталады. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамыр айының соңында зерттеу жұмыстарын аяқтаймыз. 2019 жылы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларының футбол жағдайын саралаған УЕФА-ның Nielsen Sports компаниясы да зерттеу жүргізеді. Олардың қатарына Қарағанды және Түркістан қалалары қосылады. 

2019 және 2021 жылдар аралығын салыстырамыз және нақты көрініс алу үшін Nielsen Sports компаниясының зерттеу жұмыстарының жаңа мәліметтерін толықтырамыз. Қазақ футболының қай бағытқа жылжып бара жатқанын байқаймыз. 

Шілде айының ортасында мәліметтерді талдап, қорытынды жасаймыз. Әрі қарай басым бағыттарды, мақсат-міндеттерді айқындаймыз. Жаңартылған стратегия қолданыстағы құжатты жүзеге асыру нәтижелерін ескеру арқылы дайындалады. Стратегияны бекітіп, жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге кірісеміз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.5
П2
8.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
2.007
Ничья
3.995
П2
3.605
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.986
Ничья
3.785
П2
3.87
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.518
Ничья
4.79
П2
6.31
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.22
Ничья
3.685
П2
2.252
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.436
Ничья
3.83
П2
2.823
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.17
Ничья
3.76
П2
1.922
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.074
Ничья
15.5
П2
33
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.682
Ничья
4.535
П2
4.74
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
×