Қатардан қалмай Катарға барамыз ба?

08.12.2020, 11:59
Адуынды қарсыластардан айламызды асыра аламыз ба, әлде баяғы жартас – сол жартас болып қала ма?
Қатардан қалмай Катарға барамыз ба?

2022 жылы Катарда жалауын желбірететін 22-ші Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Қазақстан ұлттық құрамасы Франция, Украина, Босния және Герцеговина һәм Финляндия сынды құрамалармен D тобында бақ сынайды. Жетінші мүмкіндіктен топтан шыға аламыз ба, әлде Әлем чемпионаты арман болып қалмақ па?

1994 жылы ФИФА құрамына енгелі бері ұлттық құрамамыз алты рет Әлем чемпионатының іріктеу кезеңдеріне қатысты. Өкінішке орай, алтауында да іріктеуден әрі аса алмадық. Ең ірі жетістігіміз Азия құрамында болған кезде 2002 жылғы чемпионатқа іріктеудің алғашқы айналыынмда 14 ұпай жинап, тек Иракқа жол беруіміз. Онда да Иракпен ұпайымыз тең еді, гол айырмасы шешіп кетті бар мәселені. Әйтпегенде екінші айналымға өтіп, Әлем чемпионатына жолдаманы да ұтып алуымыз мүмкін еді. Одан кейін 2002 жылы «осы шешімді қабылдасақ, футболымыз дамып, биік белестерден көрінеміз», деп Еуропаның қатарына қосылдық. УЕФА құрамына қосылғаннан кейінгі алғашқы іріктеуде 12 ойын өткізіп, бір ұпай еншілеп, ең соңғы орынды місе тұттық. Әлем чемпионатына іріктеу додасындағы ең төмен көрсеткішіміз осы. Бұдан кейін де жарытып тындырған түгіміз жоқ. Оңтүстік Африка (2010), Бразилия (2014) елдерінде өткен Әлем чемпионатына іріктеуде бесінші орын алсақ, соңғы Ресейде өткен мундиальдің іріктеуінде үш ұпай олжалап, «үш те болса – күш» деп ұштық тағы да. Ендігі кезек Катардағы әлемдік додаға келді. Қатардан қалмай Катарға бару басты мақсатымыз. Мақсат жолында аяғымызға тұсау болар құрамалар да оңай емес. Оның үстіне uefa.com сайтының 38% оқырмандары ең қиын топ деп біздің топты таңдаған екен. Ендеше жалғыз жолдамаға жандарын салып таласар құрамалармен таныса отырайық:

Франция

Соңғы Әлем чемпиондары. Тобымыздың сөзсіз фавориттері. Ғажайыптың үстіне ғажайып қосылса да, бірінші орынды ешкімге берейін деп тұрған жоқ. Екінші құрамымен-ақ топта бірінші орын алуға әлеуеті жетеді бұл құраманың. Ресейдегі мундиальда алдына келгеннің апшысын қуырғаны бәріңізге мәлім. «Әтештер» деген аттан ұялатын «көктер» 21 Әлем чемпионатының бір емес, 15-інде өнер көрсеткен. Бесеуінде іріктеуден өте алмаса, бір мәрте қатысудан бас тартқан. Ал екеуінде (1998, 2018) жеңіс туын желбіреткен. Соңғы төрт іріктеу кезеңінде 38 матч өткізіп, үшеуінде ғана жеңілістің ащы дәмін татқан. Ал біздікілер 42 ойында үш мәрте ғана жеңіс тойын тойлаған екен. Жалпы әл-мисақтан бері екі құраманың жолы түйіспеген. Алғашқы ойында жеңілсек те, жеңсек те тарихи кездесу болмақ. Поль Погба, Антуан Гризманн, Килиан Мбаппе және Оливье Жиру сияқты аузын айға білеген ойыншылары бар әлемнің үздік құрамасынан бір ұпай алудың өзі жеңіспен пара-пар көрсеткіш болайын деп тұр.

Украина

Жолдастық кездесуде Францияға 7:1 болып оңбай ұтылғаннан кейін екінші орынға басты үміткер. Алты Әлем чемпионатының іріктеу кезеңдеріне қатысып, 2006 жылы алғашқы, әрі жалғыз мундиальдарына қатысқан. Одан кейін қатарынан үш Әлем чемпионатын өткізіп алуға мәжбүр болды. Украинаның аңыз футболшысы Андрей Шевченко баптайын жігіттер қарқынды дамып келеді. Бар күштерін салса, Роналду да көмектесе алмайтынын дәлелдеді. Бірақ соңғы бес ойынның төртеуінде қарсыласқа есе жіберген. Құрамында Александр Зинченко, Андрей Ярмоленко және Руслан Малиновскийден бөлек қаны бразилиялық Жуниор Мораес пен Марлос сынды талантты ойыншылар бар. «Сары-көктер» Қазақстанға қарсы төрт ойын өткізіп, төртеуінде де басым түскен. Төрт ойын да Әлем чемпионатына іріктеу аясында өткен. Украина соңғы төрт іріктеу кезеңінде 42 ойынға қатысып, алтауында ғана есе жіберген екен. Сондықтан украиндардан ұпай алу қиын шаруа болайын деп тұр.

Финляндия

Украинамен қатар екінші орынға басты үміткер. Өйткені бұл жігіттер соңғы кездері өте жақсы өнер көрсетіп жүр. Жолдастық кездесу болса да 12 матч бойы жеңілмей келе жатқан Франция құрамасын өз жерінде 0:2 есебімен жеңіп, кішігірім сенсация жасаған еді. Сонымен қатар 2020 жылғы Еуропа чемпионатына тарихындағы алғашқы жолдаманы жеңіп алды. Ал Әлем чемпионатына қатыспаған топтағы бізден кейінгі екінші команда. Бар ұқсастығымыз сол ғана. Қалған жағынан олар бізден көш ілгері. Соңғы бес ойында бір-ақ рет жеңіліп, төртеуінде жеңіске жеткен. Қазақстанмен үш кездеу өткізіп, екеуінде жеңіске жетсе, 2006 жылғы Кипрдің Халықаралық турнирінде отандастарымызға пенальти сериясы бойынша есе жіберіпті. Соңғы төрт іріктеу додасында 40 ойынға қатысып, 16 мәрте ұтылыпты. Глен Камара, Лукас Градецки және Тьему Пукки сынды тәжірибелі ойыншылары бар «үкілерден» үкілі үміттеріміз кемі үш ұпай алады деп сенеміз. 

Босния және Герцеговина

Ақырғы ойындарда көрсетіп жүрген сүреңсіз ойындарынан кейін мамандар бұл құраманы Қазақстанмен қатар қойып, аутсайдер санап отыр. Сегіз ойын бойы жеңістің не екенін білмей келеді. Қолда тұрған Еуропа чемпионатының жолдамасынан да қағылып отыр. Топтық кезеңнен әрі аса алмаса да, Бразилиядағы алғашқы мундиальдарына қатысқан. Соңғы төрт іріктеу турниріндегі 40 ойында тоғыз рет қарсыласқа есе жіберген. Негізгі құрамалар бірде-бір рет кездеспесе, 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы құрамалар екі кездесу өткізіп, бір ойында ұлттық құрамамыз жеңсе, бір ойын тең аяқталған екен. Сол құрамдағы А. Гояк, К. Пирич, А. Хаджиахметович, Д. Милошевич, А. Ходжич және Х. Хайрадинович сынды ойыншылар «айдаһарлардың» қазіргі негізгі құрамында ойнайды. Ал Қазақстаннан А. Айымбетов, М. Федин, Я. Вороговский, Е. Тұңғышбаев һәм Д. Жалмұқан секілді аяқдопшылар негізгі құрамаға шақырту алып жүр. Миралем Пьянич пен Боснияның сұрмергені Эдин Джеко секілді отыздың ордасын бұзған сақа ойыншыларды есептемегенде қалған біршама ойыншысын біздің жігіттер жеңіп көрген. Осы жолы да қапы қалдыруға болады. Бірақ мамандар айтты екен деп босаңсымай, босниялықтардың көңілін босатып, қоржынға алты ұпай салуға талпыну керек. 

2Q==


Алғашқы ойындар 2021 жылдың 24-25 наурыз күндері өтетін болады. Ал финалдық кезең 2022 жылдың 21 қараша – 18 желтоқсан күндері аралығына жоспарланған.

Марғұлан ЖАҚЫП



2Q==


Z


Z


eHBhY2tldCBlbmQ9J3InPz4DeVYwAAAAAElFTkSuQmCC


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.81
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.72
Ничья
3.895
П2
1.999
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.162
Ничья
8.85
П2
19
Aladop Youtube
×