Қаңтар айында өз клубынан кетуі мүмкін ТОП-5 ойыншы

Бұл ойыншылардың келесі жазда келісімшарттары аяқталатындықтан, қаңтар айында-ақ басқа клубпен трансфер жайында келісіп қоюға болады.
Қаңтар айында өз клубынан кетуі мүмкін ТОП-5 ойыншы

Қысқы трансферлік терезе әрдайым қызықты өтеді. Терезе маусымның ортасында ашылғандықтан клубтардың оған жақсы дайындалуға уақыты да, сонымен бірге ақшасы да жете бермейді.

Осы себепті алдын-ала келісімдер осы уақытта жиі жасалады. Aladop.kz сайты қаңтар айында басқа командаға ауысуы мүмкін бес ойыншының тізімін жасады.

5. Оливье Жиру ("Челси")


Жирудың "Челсиде" жолы болмауда. Маңызды ойыншылардың бірі жарақат алған сайын, ол көмекке келіп, мінсіз өнер көрсетеді. Бірақ ол ешқашан негізгі шабуылшы болып саналмады - командаға әр жаз сайын жаңа бір шабуылшы келіп отырды. Осылайша, оның орнын Тэмми Абрахаммен бірге сәтті өнер көрсетіп жүрген Тимо Вернер басты.

Шабуылшыға "Тоттенхэм", "Лион" және басқа клубтар қызығушылық танытып отыр. Дереккөздер Жирудың өзі қосалқы құрамда болудан шаршағанын және басқа клубқа ауысуға қуанышты болады деп мәлімдеді. Сонымен қатар, Фоанция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам да шабуылшыға негізгі құрамда ойнауға кепілдік беретін клубқа ауысуға кеңес берді.

Жиру соңғы ойындағы голдарының арқасында тек ағылшын клубтарының ғана емес, "Интердің", ПСЖ-ның, сонымен қатар Дэвид Бекхэм иелік ететін "Интер Майамидің" де назарын өзіне аударды.

4. Иско ("Реал Мадрид")


Иско көптен бері "Реал Мадридтің" негізгі құрамына ене алмауда, сол себепті Мадридтік клубтан кету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы оның әкесі және агенті Пако Аларкон El Larguero радиосына берген сұхбатында айтты.

"Қазір бізде ешқандай ұсыныс жоқ, бірақ ол басқа лигаға ауысқысы келеді. Және ол жазға дейін күтуге де дайын".

Кезінде Испанияның ең перспективалы ойыншыларының бірі болған Иско Зинедин Зидан келгелі бері негізгі құрамда шығуды ұмытып қалды.

3. Месут Озил ("Арсенал")


Месут Озил ақпан айына дейін "Арсенал" жейдесінде алаңға шыға алмайды - ол Премьер-Лига мен Еуропа Лигасына шақыртылған ойыншылардың тізіміне енбеді. Микель Артетаның бұл шешімі көптеген қайшылықтарды тудырғаны жасырын емес, ойыншының өзі де бұл жағдайға наразы болды. Бірақ Артета жартылай қорғаушының мүмкіндігі мол екенін айтты.

Қалай болғанда да, Озил келесі жазда еркін агент атанады, яғни оған жаңа клуб табуға ешкім кедергі болмайды. Демек, қыста "зеңбірекшілер" ойыншының үстінен ақша істеу үшін барын салады.

2. Деле Алли ("Тоттенхэм")


Негізінде Алли жаңа "Тоттенхэмнің", сайып келгенде Жозе Моуриньоның бет-бейнесіне айналатын ойыншы сияқты көрінді, бірақ бәрі керісінше болды - оны ұмыта бастаған жанкүйерлер де аз емес.

Премьер-Лигада 7 кездесу өткізіп, Еуропа лигасының матчтарында 45 минуттан артық ойнамаған Аллидің клубтан кеткісі келетіні таңқаларлық жағдай емес. Барлық көрсеткіштер жартылай қорғаушының "Тоттенхэмнен" кететіндігін меңзеуде. Мұны оның "Манчестер Сити" және "Арсеналмен" болатын ойынға шақырту алмағанынан да байқауға болады.

1. Давид Алаба ("Бавария")


Давид Алаба мен "Бавария" ұзақ уақыт бойы жаңа келісімшарт мәселесі бойынша келісімге келе алмады, ал клуб пен ойыншының арасындағы жанжал клуб шеңберінен шығып кетті. Енді австриялық футболшының командадан кететініне еш күмән жоқ.

Соңғы жаңалықтарға қарағанда, Алаба клубтан құны 125 миллион еуро тұратын бес жылдық келісімшарт талап еткен. Ал клубтың спорттық директоры Хасан Салихамиджич ойыншыға жаңа келісімшарт ұсынылмайтындығын жеткізді.

Қазір Алабаға "Челси" мен ПСЖ қызығушылық танытуда. Футболшы жазда еркін агент атанады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.358
Ничья
5.55
П2
9.15
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.958
Ничья
4.025
П2
3.75
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.53
Ничья
4.895
П2
5.96
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.34
Ничья
3.615
П2
2.222
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.394
Ничья
3.85
П2
2.872
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.025
Ничья
3.79
П2
1.946
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.085
Ничья
14.1
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.682
Ничья
4.535
П2
4.74
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.151
Ничья
9.3
П2
20
Aladop Youtube
×