«Қайсар» жас футболшыдан бас тартып, африкалық легионермен келісім-шартқа отырды

10.04.2021, 20:50
Битанг соңғы екі маусым бойы «Қайсарда» доп тепкен еді.
«Қайсар» жас футболшыдан бас тартып, африкалық легионермен келісім-шартқа отырды

Қызылордалық "Қайсар" клуб тәрбиеленушісі Олжас Алтаевтың қызметінен бас тартып, африкалық легионер Кларенс Битангты қатарға қосты, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Қорғаушы Олжас Алтаев чемпионаттың үш ойынына да қатысып үлгерді, бірақ белгісіз себептермен команданың бапкерлер құрамының көңілінен шықпады

Камерундық жартылай қорғаушы Кларенс Битанг соңғы екі маусым бойы "қасқырлар" сапында өнер көрсетті. ҚПЛ-да бас-аяғы 30 ойын өткізген. Битанг кеше "Каспиймен" болған ойынның 62-минутында алаңға шықты.

"Қайсар" сонымен қатар Тимур Рудосельский мен Ұлар Жақсыбаевты қатарға қосу арқылы арқылы өз қорғанысын нығайтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×