27 жастағы ресейлік қорғаушы Егор Потапов жаңа маусымда "Қайсар" клубының намысын қорғайды.
Өткен маусымда белоруссиялық "Славия" командасында өнер көрсеткен Егор биыл "қасқырлардың" сәтті ойын көрсетуіне үлес қоспақ. Сондай-ақ Потапов клубтық мансабында "Славиядан" бөлек ресейлік "Русь", "Звезда", литвалық "Гранитас", эстониялық "Локомотив", қырғызстандық "Дордой" және белоруссиялық "Смолевичи" сынды командаларда доп тепкен. Қорғаушы өткен жылы Белоруссия чемпионатында 19 матч өткізген.
"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі
Біздің серіктес: FONBET