"Қайсар" жанкүйерлерінің сүйікті ойыншысы әрі команда капитаны Думан Нәрзілдаев жыл соңына дейін "қасқырлар" сапында ойнайтын болады.
Думан - "Қайсар" клубының түлегі. Ол 2012 жылы қызылордалық клуб сапында Премьер-лигадағы дебюттік ойынын өткізіп, бүгінгі күнге дейін дәл осы команданың намысын қорғап келеді.
Нәрзілдаев өткен маусымда "Қайсар" клубының жейдесінде 18 матчқа қатысып, 1 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды. Қазақстан құрамасына бірнеше рет шақыртылғанмен, бірде-бір ойында бой көрсетпеді. Думан жалпы "Қайсар" сапында 199 ойынға қатысып, 15 рет мергендігімен көзге түскен. 2019 жылы Қазақстан Кубогінің иегері атанды.
Біздің серіктес: FONBET