Армения құрамасының 28 жастағы шабуылшысы Гегам Кадемян жаңа маусымда "Қайсар" клубының намысын қорғайды.
Гегам клубтық мансабында бірнеше командада өнер көрсеткен. Атап айтсақ, украиналық "Арсенал", "Титан", "Говерла", "Олимпик", "Карпаты", "Заря", "Ворскла" және армениялық "Пюник" пен "Алашкерт". Кадемянның соңғы клубы - беларуссиялық "Неман". 28 жастағы футболшы Беларусь біріншілігінде 29 ойынға қатысып, 12 гол соққан.
"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметi
Біздің серіктес: FONBET