"Қайрат" сербиялық қорғаушы Раде Дугаличпен еңбек келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды алматылық команданың баспасөз қызметі.
Жаңа келісімшарт екі жылға есептелген. 28 жастағы Дугалич Қазақстан чемпионатының осы маусымында 16 матчқа қатысып, бір гол соққан болатын. Сонымен қатар Еуропа Лигасында екі матчқа қатысқан еді.
Еске салайық, "Қайрат" Премьер-лиганың аяқталуына үш тур қалғанда мерзімінен бұрын чемпион атанды. Осылайша Алматылық ұжым келесі маусымда Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде ойнайды.
Бұған дейін "Қайрат" командасы бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав және хорватиялық қорғаушы Дино Микановичпен келісімшарттардың ұзартылғанын хабарлаған болатын.
Біздің серіктес: FONBET