KazFootball.kz сайтының хабарлауынша, "Қайрат" клубының ойыншылар құрамы 17 550 000 еуро тұратын болса, қарсыластар құрамы 70 080 000 еуро екен.
"Қайраттың" алты бірдей ойыншысының бағасы 1 миллион еуродан асады екен. Ең бағасы жоғары Исаэль Барбоза (2 000 000 еуро) және команда капитаны Бауыржан Исламхан (1 800 000 еуро) екен.