Алматылық «Қайраттың» соңғы еурокубок маусымында қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі.
«Қайрат» Конференция лигасының топтық кезеңіне шықпай тұрып-ақ қазынасын 3,8 миллион еуроға толтырып үлгерді. Бұл соманы алматылық клуб Чемпиондар лигасының бірінші және екінші кезеңінде, Еуропа лигасының үшінші кезеңінде, сондай-ақ Конференция лигасының плей-офф кезеңіне қатысқаны алды.
Конференция лигасының топтық кезеңінде «Қайрат» Омониямен екі рет тең ойнап, 330 мың еуро пайда тапты.
Осылайша алматылық «Қайраттың» еурокубок маусымындағы жалпы табыс көлемі 4,2 миллион еуроны құрады. УЕФА тарапынан берілетін бұл қаржы клубқа 2022 жылы маусым айында түседі.
Біздің серіктес: FONBET