!["Қайраттың" бұрыңғы шабуылшысы осымен 3-рет хет-трик жасады](https://aladop.kz./cache/imagine/1200/uploads/post_items/2019/07/30/41065536c389964a34373e23f415b9af.jpg)
Гоооууу...
Осымен 14 голын салып, сұрмергендер көшін бастады.
"Бейцзин Интерпрезерс" сапында өнер көрсететін "Қайраттың" экс-шабуылшысы ивуарлық Жерар Гоу осы маусымдағы Қытай бірінші лигасындағы 3-хет-тригін жасады. Жерар "Ляонин Хувинмен" болған матчтың 29, 41, 59 минуттарында нәтижелі соққымен көзге түсті. Осы жеңістен соң "Бейцзин" 16 команданың арасында 6-сатыға жайғасты.
Осылайша, 19-турдан кейін Гоу 14 голмен шабуылшылар арасында көш бастады.
Естеріңізге сала кетейік, Жерар Гоу 2014-17 жылдар аралығында Алматы клубының жейдесінде тер төгіп, ҚПЛ аясындағы 102 матчта 80 гол, ал Еуропа лигасы аясындағы 19 ойында 11 гол соққан. Гоу біздің біріншілікте 3 рет (2015 жыл - 22 гол, 2016 жыл - 22 гол, 2017 жылы - 24 гол) "Үздік сұрмерген" атанған.
Алматының "Қайратынан" бөлек, шабуылшы Ресейдің "Краснодар", Түркияның"Кайсери Эрджиесспор" мен "Денизлиспор", Швейцарияның "Ксамакс", Марокконың "Хассани Агадир" мен өз елінің "ЖК Абиджан" ұйымдарында доп тепкен.
Шамкен Байырбек.
Біздің серіктес: FONBET