"Қайраттың" бас бапкері қызметінен кетеді

17.08.2018, 19:45
"Қайраттың" бас бапкері қызметінен кетеді
Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінен аса алмаған алматылық "Қайраттың" бас бапкері Карлос Алос Феррер қызметінен кетеді, - деген ақпарат жария болды. KazFootball.kz сайтының хабарлауынша, Карлос Алос Феррер өз қызметінен кетуі мүмкін деген ақпарат жарияланды. Басылымның мәліметіне сүйенсек, испан маманы бапкерлік қызметін бүгін босатады екен.   Карлос Алос Феррер "Қайратты" былтырғы жылдың шілдесінен бері жаттықтырып келеді. Алматылықтармен испан бапкері 2017 жылы Қазақстанның күміс жүлдегері және Қазақстан Кубогінің иегері атанды.   Маусым басында испандық маман алдына еурокубоктің топтық кезеңіне шығу мен Қазақстан чемпионы атану міндеті қойылған болатын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×