«Қайрат»-«Тобыл» кездесуіне павлодарлық төрешілер қызмет етеді

29.07.2018, 21:54
«Қайрат»-«Тобыл» кездесуіне павлодарлық төрешілер қызмет етеді
Қазақстан Премьер лигасының 20-шы туры аясында алматылық «Қайрат» өз алаңында Қостанайдың «Тобыл» командасын қабылдайды, деп жазады prosports.kz. Аталған кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Матч Астана уақыты 19:00-де басталады. Ойынның жоғары деңгейде әділ өтуін қадағалайтын төрешілер тобы төмендегідей: Төрешілер: Григорий Московченко, Рустам Суюнов, Андрей Попов (барлығы - Павлодар) Төрешілердің қосымша көмекшілері: Денис Тевяшов (Орал), Асхат Абданбаев (Тараз) Резерв төреші: Сергей Гороховодацкий (Алматы) Инспектор: Николай Бублинский (Қарағанды)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×