"Қайрат" тағы бір легионерді ҚПЛ-на ойнайтын футболшылар қатарына тіркеді

10.07.2018, 02:45
"Қайрат" тағы бір легионерді ҚПЛ-на ойнайтын футболшылар қатарына тіркеді
Алматылық "Қайрат" белорустық қорғаушы Сергей Политевичті ҚПЛ-на қатысатын ойыншылар тізіміне қосты. "Қайрат" бұл ойыншыны қатарына алғанын 2 шілде күні жариялаған болатын. 28 жасар ойыншы бұған дейін белорустық «Нафтан» және «Динамо» (Минск), ресейлік «Крылья Советов», түріктің «Генчлербирлиги» ұжымдарында өнер көрсеткен. 2011 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері және Белоруссия ұлттық құрамасының ойыншысы.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×