MLS-те және Ресей Премьер Лигасында ойын тәжірибесі бар сенегалдық ойыншы Қайратқа ауысуға жақын қалды.
Болгариялық "Левскидің" сенегалдық жартылай қорғаушысы, 26 жастағы Хали Тиам «Қайратқа» қосылуға жақын. Тиамның "Левскимен" келісімшарты аяқталып қалды. Сондықтан ол Қазақстанға барады, және ол жерде "Қайрат" футбол клубымен келісімшартқа отырады деп жазады Болгариялық БАҚ өкілдері.
Хали Тиам Болгария чемпионатының ағымдағы маусымында 19 ойын өткізіп, 1 гол соқты. Бойы 186 сантиметрді құрайтын футболшы тіреуіш жартылай қорғаушы рөлін атқара алады, сондай-ақ қорғаныс шебінде де ойнай алады.
Бұған дейін ол "Дакар" (Сенегал), "МТК", "Ракоци" (екеуі де Венгрия), "Чикаго Файр" (АҚШ), "Газиантепспор" (Түркия) және "Динамо Мәскеу" (Ресей) сияқты командаларда ойнаған.
Біздің серіктес: FONBET