Бүгін «Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасының элиталық раундындағы алғашқы ойынын өткізді.
«А» тобына түскен алматылық клубтың қарсыласы «ВитЭн» командасы болды. Кездесу 3:2 есебімен «Қайраттың» пайдасына аяқталды.
Алматылық клуб сапында Валадарес Савио, Альберт Ақбалықов және Шыңғыс Есенаманов мергендік танытты. Ал соңғы минутта қарсыластың бір ойыншысы алаңнан қуылды.
«Қайрат» келесі матчын 3 желтоқсанда франциялық «Аньер-Вильневке» қарсы өткізеді, ал 5 желтоқсан күні турнир қожайыны ресейлік «Тюменьмен» ойнайды.
Біздің серіктес: FONBET