«Қайрат» екі ойыншымен қоштасты

01.07.2022, 20:30
Камерундық қорғаушы негізгі команда сапында мүлдем ойнаған жоқ.
«Қайрат» екі ойыншымен қоштасты

Алматылық «Қайрат» 20 жастағы өзбекстандық жартылай қорғаушы Жасурбек Жалолиддинов пен 19 жастағы камерундық қорғаушы Давид Эквенің командадан кеткенін хабарлады.

Жасурбек Жалолиддинов «Қайратқа» осы маусымның басында қосылды. Жалдау мерзімі уақытынан бұрын бұзылғандықтан жартылай қорғаушы ташкенттік «Локомотивке» қайта оралады. Жалолиддинов алматылық клуб жейдесінде 7 кездесу өткізіп, 3 сары қағаз алды.

Дэвид Экве «Қайратқа» наурыз айының ортасында қосылды. Камерундық қорғаушы «Қайрат-Жастар» сапында ойнап жүрді, бірақ сәуір айының ортасында ауыр жарақат алды. Сондықтан «Қайраттың» негізгі командасында бірде-бір ойын өткізген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×